Іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Актюбинская геологическая лаборатория» ЖШС-нің жауапкер  «Мангистау-Геология»  ЖШС-нен 6 033 876 теңге  қарызды және 519 940   теңге өсімпұл өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сотта анықталғандай, тараптар арасында жасақталған шарттарға сәйкес  орындаушы жұмыстарды орындауға және мерзімінде тапсырыс берушіге тапсыруға, ал тапсырыс беруші жұмысты қабылдауға және оның ақысын төлеуге міндеттенген.

Талап қоюшы тарапынан шарт талаптары бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындағанына қарамастан, жауапкер тапсырылған жұмыстардың ақы төлемін төлеу міндеттемесі орындалмай, жауапкердің қарызы 6 033 876 теңге құраған.

Жауапкердің талап қоюшы алдындағы 6 033 876 теңге қарызы шарттар талаптарымен, тараптар арасында жасақталған және тараптармен қол қойылған  салыстыру актісімен дәлелденеді.

Шарттың 5.2. тармақшасына сәйкес, төлемақы мерзімінде төленбеген жағдайда, тапсырыс беруші әрбір кешіктірілген күн үшін 0,1% өсімпұл төлейтіні көзделген.

Талап қоюшымен келтірілген өсімпұл есебі, сотпен тексерілді және өсімпұлдың кешіктірілген күндер есебі, көлемі шарттар талаптарына сәйкес  келеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 364-бабаның 1-бөлігіне сәйкес егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнәсiнен болса, сот оған сәйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дәрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азайтады.

Сот, талап қоюшының ұзақ мерзім сотқа талап қою арызын келтірмей жауапкерден өндірілуге тиісті өсімпұл көлемiнiң ұлғаюына абайсызда себепкер болғанын ескеріп, өсімпұл көлемін  519 940 теңгеден 259 970 теңгеге дейін азайтуды дұрыс деп табады.

Сот, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің  272-бабы бойынша міндеттеме шарттары заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуы тиіс екенін басшылыққа алып,  талапкердің талабын ішінара қанағаттандыру туралы  шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі