Архив событий

26/05/2017

Әкімшілік сотта сақтандыру компанияларына сот актілерін жолдау мәселелері талқыланды

26/05/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында «Жол-көлік оқиғалары нәтижесінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мақсатында сақтандыру компанияларына сот актілерін жолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әкімшілік істер бойынша жекеше қаулыларды орындауға жолдау тәртібі түсіндірілді

26/05/2017

Мұнайлы аудандық сотында «Әкімшілік істер бойынша жекеше қаулыларды  орындауға жолдау тәртібі»  тақырыбында  семинар-тренинг өтті. 

Іс-шараға сот төрағасы, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Заңсыз есірткі заты «марихуананы» сақтаған

26/05/2017

Мұнайлы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының  3-бөлігімен Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Е. Ақтау қаласы, 32 шағын аудан аумағынан полиэтилен пакетіне оралған есірткі заты «марихуананы» тауып алып, заңсыз сақтаған.  Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу кезінде Е. Басқұдық селосында ұсталған.

Ішімдік ішіп, көлік басқарған

26/05/2017

Мұнайлы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай А., автокөлікті алкоголь ішімдік ішкен күйде басқарып, Мұнайлы аудандық ІІБ-нің қызметкерлерімен ұсталған.