Архив событий

03/05/2017

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген

03/05/2017

Жаңаөзен қалалық сотында  М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы  М.  Жаңаөзен қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданындағы №37 үйінің артында алкогольден масаң күйінде, адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында азаматтық некедегі жолдасы Э-нің іш қуысына асхана пышағын бір рет тығып алған.

Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған

03/05/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-нің жауапкер Д-дан 216 029 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 1-бөлігінің 1 тармақшасына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша өндірілді

03/05/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-нің жауапкер У-дан  92 363 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің  145-бабының 1-бөлігінің 1 тармақшасына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Кәсіби медиатор арқылы дау шешілді

03/05/2017

Қарақия аудандық сотында Р-ға қатысты азаматтық іс қаралды.

Сотқа талап қоюшы К-нің жауапкер Р-дан баласы үш жасқа толғанша өзін асырап бағу үшін алимент өндіру туралы талап арызы түскен.