Архив событий

23/05/2017

Ішкі конкурс бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

23/05/2017

2017 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің ішкі конкурстық комиссиясының отырысы өтіп, конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілді:

 

Әкімшілік істер бойынша айыппұл өндіру мәселелері талқыланды

23/05/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  «Заңды күшіне енген сот актілерінің тиісті және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету шараларын жандандыру» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот қызметкерлері, мемлекеттік, жеке сот орындаушылары қатысты.

Материалдық және моральдық шығын өндірілді

23/05/2017

Ақтау қалалық сотында Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   Д.,  Ақтау қаласы, 11-30 мекенжайында, жәбірленуші С.-ның бетінен, қолынан ұрған.  Нәтижесінде, С-ның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келген.

Іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды

23/05/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Актюбинская геологическая лаборатория» ЖШС-нің жауапкер  «Мангистау-Геология»  ЖШС-нен 6 033 876 теңге  қарызды және 519 940   теңге өсімпұл өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.