Архив событий

11/05/2017

Медиация Заңының мүмкіндіктері талқыланды

11/05/2017

Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Б.Елемесов құқық қорғау органдары мен жергілікті уәкілетті мекемелердің өкілдері арасында «Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу барысында Медиация заңының қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Теңіз жағалауында алкогольдік ішімдік ішкені үшін қамаққа алынды

11/05/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер)  Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот шешімімен қарыз өндірілді

11/05/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің жауапкер «Актау Экспорт Металл» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Бердібек Мырзабековты әріптестері құрметті демалысқа шығарып салды

11/05/2017

Жиынға сот төрағасы Ж.Аланов бастаған судьялар корпусы мен сот жүйесінің ардагерлері және мамандар қатысты.

Шара барысында Ж.Аланов Маңғыстау облысы соттарының, жалпы сот жүйесінің  дамуына үлес қосқан Б.Мырзабековты абыройлы да құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, оған зор денсаулық, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тіледі.