Архив событий

25/05/2017

Соттар әкімшісі бос орындар жәрмеңкесіне қатысты

25/05/2017

Ақтау қаласында облыстық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сай келуін қамтамасыз етіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, мемлекеттік қызметке тартып, қызығушылығын ояту мақсатында өткізілген іс-шараға «екі қолға бір күрек» таппай жүрген жұмыссыз азаматтар мен басқа жұмысқа орналасуға ниет білдірушілер қатысты.

Жол көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушілер жеңіл дәрежеде дене жарақаттарын алған және материалдық залал келтірілген

25/05/2017

Қарақия аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігімен (Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекеттер жасағаны үшін)   Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көлік құралдарын масаң күйде жүргізіп, полиция қызметкерлеріне ұсталған

25/05/2017

Ақтау қалалық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,   К.,  өзінің Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық сотының қаулысымен 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, тағы да алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарып келе жатқан кезде, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық мәселелері талқыланды

25/05/2017

Ақтау қалалық №2 сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ақтау қалалық №2 сотының судьялары, Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Б.Елемесов және Ақтау қалалық прокуратурасының прокурорлары қатысты.