Архив событий

31/05/2017

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

31/05/2017

Мұнайлы  аудандық сотында Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат Т-ның көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Заңдық маңызы бар факті анықталды

31/05/2017

Бейнеу аудандық сотында азамат К.-ның еңбек кітапшасы өзіне тиесілі екендігі жөнінде заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы қаралды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/05/2017

Бейнеу аудандық сотында жыл басынан бері алименттерді өндіру туралы сот актісін орындамаған 7 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай,  атқару құжаттарын орындау барысында сот орындаушылар  борышкерлерге қарыздарды өтеу туралы хабарламалар жолдаған, алайда құқықбұзушылар  алименттерді өтеу үшін ешқандай шаралар қолданбаған.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

31/05/2017

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Тленов, кеңсе меңгерушісі, сот қызметкерлері, ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Ж.Рысбеков, ЮНИСЕФ-тің өкілі П.Н.Дуден  қатысты.   

Көші-қон заңнамасын бұзған

31/05/2017

Бейнеу  аудандық сотында  Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Қ. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына келіп, уақытылы мерзімінде ел аумағынан шықпаған.