Архив событий

10/05/2017

Судьялар мен сот қызметкерлері «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды

10/05/2017

9 мамыр – әрқайсымыздың жүрегімізде қуаныш әрі мұң сезімін тудыратын ерекше күн. Біз осы күні Ұлы Жеңіс күнін тойлап, Отан үшін отқа түскен ардагерлерге ерекше құрмет білдіреміз. Ұлы Жеңіс бейбіт өмірге, мемлекетіміздің  өркендеуі мен экономикамыздың дамуына, бүгінгі тәуелсіздігімізге жол ашты.

Аудандық сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

10/05/2017

Мұнайлы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған жиынға прокуратура, жергілікті полиция, әділет басқармасының өкілдері, сот орындаушылар қатысты.

Түнгі уақытта сыра сатқан

10/05/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А. 25.02.2017 жылы сағат 00:02 шамасында Жаңаөзен қаласында орналасқан «Сарбаз» азық-түлік дүкенінде азамат М-ға екі дана  «Миллер» сырасын  1000 теңгеге сатқан.

Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

10/05/2017

Қарақия аудандық сотында ҚР  ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен, яғни тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.