Қылмыстық жауапкершіліктен босатылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен  (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  сотталушы Т. арақтан мас күйінде қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында Жаңаөзен қаласы, «Шұғыла» шағын ауданындағы үйінде жәбірленуші Д-ның бағасы 8000 теңге тұратын «Самсунг Галакси» маркалы ұялы телефонын,  2 sim-картасымен бірге жасырын ұрлап, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен.

Нәтижесінде, сотталушы өзінің қасақана қылмыстық іс-әрекетімен жәбірленушіге жалпы бағасы 8400 теңге материалдық залал келтірген.

Басты сот талқылауында жәбірленушінің сотталушыға кешірім бергені және олардың татуласқандары анықталды.

Сот қаулысымен Т. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен  қылмыстық ісі бойынша ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігі негізінде жәбірленушінің сотталушымен келісуі негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі