Қылмыстық іс кінәсін мойындау туралы процестік келісім бойынша қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында  сотталушы Т-ге қатысты процестік келісім тәртібінде  қылмыстық іс қаралған.

Сот отырысында анықталғандай,  «Қызылқұм» шаруа қожалығына жәбірленуші У. спирттік ішімдік ішкен күйінде келіп, балағат сөздер айтып, маза бермегенін сылтау қылып, сотталушы Т. жәбірленушінің  денсаулығына  қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, оның іш тұсынан пышақпен бір рет соққы берген.

Алдын ала сот өндірісі барысында сотталушы Т. өз кінәсін толығымен мойындап, Қарақия ауданының прокуроры мен сотталушы Т. арасында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған.

Сот сотталушы Т-нің кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісімнің талаптарына сәйкес, оны ҚР ҚК-нің 106-бабының 1- бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) кінәлі деп танып, ҚК-нің 55-бабының 3-бөлігін қолданып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу  жазасын тағайындаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі