Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   С.  автокөлігін қасақана, көрінеу жалған R677FВM мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен  жүргізіп, жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын пайдалану) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі