Әкімшілік істер бойынша айыппұл өндіру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  «Заңды күшіне енген сот актілерінің тиісті және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету шараларын жандандыру» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот қызметкерлері, мемлекеттік, жеке сот орындаушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сот кеңсесінің бас маманы М.Кожиева баяндама жасап,   2017 жылы 4 айдағы статистикалық көрсеткіштерге тоқталды. Есепті мерзімде қаралған 2269 істің 1301-іне айыппұл салынған, барлық салынған айыппұл 46 689 363 теңгені құраған. Оның ішінде  25 996 604 теңге ерікті түрде төленсе, қалғаны әлі де орындалу барысында. М.Кожиева өз баяндамасында  әкімшілік істер бойынша айыппұлды мәжбүрлеп орындау туралы барлық қаулы көшірмелері «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жолданып отырғанын атап өтті.

Осыдан соң судьялар әр сот шешімінің мерзімінде орындалуы маңызды екенін, ал сот орындаушылары бұл бағытта жоспарлы әрі тиісті жұмыстар атқарып отырғандарын айтты. Сот орындаушылар атару парағын жүзеге асыруда кездесетін келеңсіздіктер мен мәселелерді де ортаға салды.

Дөңгелек үстел басында мәселелердің алдын алу және оны шешу жолдары туралы ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі