Әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы)  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. Ақтау қаласы, 27 шағын ауданынындағы  12 үйге қарама-қарсы тас жолда автокөлігін жүргізіп келе жатып, Жол қозғалысы Ережелерінің 9.10 тармағын бұзып, арада соқтығысудан сақтауға мүмкіндік беретін аралықты сақтамай, қауіп туған жағдайда ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе қозғалысқа басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей кедергіні айналып өтуге шаралар қолданбай, алдында тұрған көлік құралын абайсызда соғып, оның  бүлінуіне әкеп соқтыратындай дәрежеде материалдық залал келтірген.

Сот қаулысымен А. жоғарыда аталған бап негізінде кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде  10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 22690 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы занды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі