Қазақстан Республикасының Конститутциясына және Конституция заңдарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасының Конституциясына және конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға соттың төрағасы Ө.Садықов, судьялар және сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында   судья А.Конусов баяндама жасап, беделі мен мазмұны, атқаратын міндеті мен мәні ерекше Ата заңның кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті.  

Сондай-ақ, ол 2017 жылғы 10 наурыздағы № 51-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңымен» қоса, 2017 жылғы 13 наурыздағы № 52-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы»,  2017 жылғы 13 наурыздағы № 53-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Қазақстан Республикасының заңдарына» енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларға да тоқталды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі