Қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер Т.-дан 500 000 теңге қарыз ақшаны және мемлекеттік баж төлеуге жұмсалған 5 000 теңгені өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Сот отырысында анықтағандай, жауапкер Т. талапкердің өкілі ретінде сенімхат арқылы «Форте Лайн» ЖШС-нен 26.02.2016 жылы 250 000 теңге және 01.03.2016 жылы  250 000 теңге алған. Бұл факті жауапкердің берген қолхатымен расталады, алайда жауапкер қарыз сомасын қайтарып бермеген.

Сот талап арызды толық қанағаттандырып, қарызды өндіру туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі