Қарыз ақша өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотына талап арызбен жүгінген «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жауапкер Д.-дан  79 553,76 теңге негізсіз төленген әлеуметтік соманы өндіруді сұраған.

Сот отырысында анықталғандай, Маңғыстау облысының әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінің 27.03.2014 жылғы шешімімен жауапкерге жұмыс жоғалтуына байланысты 2014 жылдың 13 наурызынан 12 шілдесіне дейін ай сайын 26 097 теңгеден әлеуметтік төлемақы тағайындалған.

Алайда, жауапкер 20 наурыз 2014 жылы белгіленетін уақытын бұзғаны үшін жұмыссыз ретінде тізімнен шығарылғанымен жауапкер қордан негізсіз әлеуметтік төлемдер алып отырған.

Сот сот талап арызды толық қанағаттандырып, жауапкер Д.-дан талапкердің пайдасына негізсіз төленген 79 553,76 теңге соманы өндіру туралы шешім қабылдады.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі