Елбасы ұсынған Жолдау талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 6656 әскери полиция бөлімшесінің басшылығымен  және әскери қызметшілер арасында   ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы түсіндірілді.

Шара барысында судья А.Конусов Елбасы Жолдауының бесінші басымдығы  – институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес ретінде  белгіленуіне тоқталып өтті. Онда  әкімшілік және қылмыстық  заңнаманы ізгілендірген қоғамға  қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту, азаматтардың  сот жүйесіне деген  сенімінің артуына қол жеткізу қажеттігі және судьялардың  жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жоюы тапсырылғандығын айтты.

Іс-шара барысында қатысушылармен Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелер, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы» жасақтау кезінде туындайтын сұрақтар және істерді қарау барысында орын алған негізгі кемшіліктер талқыланды.

 Кездесу соңында әскери  қызметшілермен талқыланған тақырып  бойынша  сұрақтар қойылып, оларға  тиісті жауаптар берілді.

 

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі