Архив событий

07/03/2017

Маңғыстау облыстық сотында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді

07/03/2017

Маңғыстау облыстық сотында 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

         Аталған шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы  Ж.Аланов және судьялар, ауадандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, сот қызметкерлері қатысты.

Құрметті әріптестер, қыз-келіншектер, апа-қарындастар!

07/03/2017

Сіздерді 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Елбасымыздың  «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» деп атап өтуі, біздің қоғамдағы әйел-аналардың орнының биіктігін көрсетеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс рәсімдеу мәселелері талқыланды

07/03/2017

Қарақия аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қарақия аудандық сотының төрағасы Б.Шайдуллин және судьялар, Қарақия аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері қатысты.

Пилоттық жобаға жататын азаматтық іс бойынша іс өндірісі тоқтатылды

07/03/2017

Бейнеу аудандық сотында талап қоюшы Е. жауапкер З-дан баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық ісі бойынша, істі сот талқылауына дайындау әрекеттерін жүргізу кезінде пилоттық жобаға сәйкес олар  Бейнеу ауданының кәсіби медиаторына барып, медиативтік келісімге қол жеткізгендері туралы келісімді ұсынған.

Сотпен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді

07/03/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы «АДА Фарм-Актау» ЖШС-нің жауапкер жеке кәсіпкер А-дан ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Тараптар азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, сотқа келісімді бекітуді және істі қысқартуды сұрап өтініш берген.

Елбасы ұсынған Жолдау талқыланды

07/03/2017

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау аудандық филиалында "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты тақырыпта конференция өткізілді.

Іс-шараға  аудандық соттың судьялары,  үкіметтік емес ұйымдар, аудандық мәслихат депутаттары, партия белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.