Архив событий

02/03/2017

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

02/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу)  азамат Н-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді

02/03/2017

Ақтау қаласының №2 сотымен талапкер К. жауапкер Ақтау қаласы әкімдігіне келтірген Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беруден бас тарту және тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімінен шығару туралы хаттамалық шешімдерін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарған

02/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   У.  Ақтау қаласы, 11 шағын аудан, 38 үйге  қарсы тас жолда автокөлігін қасақана, көрінеу жалған R 543 HКM мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен  жүргізіп, жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Судьялардың жаңа Әдеп кодексін талқылады

02/03/2017

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы судьяларының 7 съезі» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Аталған шараға судьялар және сот қызметкерлері, «Азаматтық құқық», Маңғыстау облысы «Азаматтық Альянс» ЗТБ, «Ұрпақ next» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.