Архив событий

29/03/2017

Медиативтік келісімдерді қолдану мәселелері талқыланды

29/03/2017

Ақтау қаласының №2 сотында «Медиативтік келісімдерді қолдану мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, облыстағы кәсіби медиаторлар, екінші деңгейлі бактің заңгерлері мен өкілдері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Жалпы конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімі мен оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі

29/03/2017

 

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында жалпы конкурс бойынша конкурс комиссиясының шешімі мен оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі.

Пәтер әперемін деп, алдап кеткен

29/03/2017

Ақтау қалалық сотында сотталушы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралған. Сотталушы К. 2015 жылдың желтоқсан айында  жәбірленуші А-мен кездесіп, оған Ақтау қаласынан 1 бөлмелі пәтер алып бере алатынын, пәтерді алу үшін 2 300 000 теңге ақша қажет екенін айтып, оның сеніміне кіріп, аталған соманы алдап алып кеткен. Жәбірленуші осы күнге дейін не ақшасын қайтарып ала алмаған, не пәтер алмаған.

Денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтірген

29/03/2017

Ақтау қалалық сотында жеке айыпталушы К-ға қатысты қылмыстық іс қаралған. Сотталушы К. үйінде орын алған айқай-шу үстінде жәбірленуші К-ны ұрып-соғып, оған жеңіл дене жарақатын салған.

Есірткі сақтағаны үшін айыппұл салынды

29/03/2017

Ақтау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Ақтау қаласы, 22 шағын ауданы, №2 үйдің алдында  сотталушы С-ның күртешесінің сыртқы оң жақ қалтасынан сіріңкенің қорапшасына салынған жасыл түсті шөп тәріздес есірткі заты табылған.