Архив событий

01/03/2017

Зейнеткер ана алғыс білдірді

01/03/2017

Маңғыстау облыстық сотының сайтындағы «Төраға блогына» Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Алановтың атына алғыс келіп түсті.

Тараптар медиациялық келісімге келді

01/03/2017

Ақтау қаласының №2 сотында  талапкер К-ның жауапкер О-дан   пәтеріне су жіберу себебінен келтірілген  материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Аталған азаматтық істі қарау барысында тараптар медиативтік келісім жасап, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.

Елбасы ұсынған Жолдау талқыланды

01/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 6656 әскери полиция бөлімшесінің басшылығымен  және әскери қызметшілер арасында   ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы түсіндірілді.

Сот бұйрығымен баж салығы өндірілді

01/03/2017

Ақтау қаласының №2 сотымен Мемлекеттік кірістер басқармасының борышкер А-дан көліктің баж салығын өндіру бойынша сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды.

ҚР АПК-нің 135-бабының 5)-бөлігіне сәйкес жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы арыздар бойынша сот бұйрығы шығарылады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады.

Дау тараптардың медиативтік келісімге келуімен аяқталды

01/03/2017

Талап қоюшы Б. сотқа жауапкер К-ға баламен кездесу тәртібін анықтау туралы талап қою арызымен жүгінген. 

Сот талқылауында тараптар аталған дау бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі  келісімді  бекітіп беру туралы өтінішхат келтірген.