Архив событий

24/03/2017

Мұнайлы аудандық сотында пилоттық жоба түсіндірілді

24/03/2017

Мұнайлы аудандық сотында  Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының нормаларын және даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында  семинар өткізілді.

«Наурыз» мейрамы қарсаңында

24/03/2017

Бейнеу аудандық сотының төрағасы И.Досетовтың бастамасымен «Наурыз» мейрамы қарсаңында судья А.Усербаева мен сот қызметкерлері әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыны  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, қайырымдылық көмек көрсетті. 

Бейнеу ауданық сотының судьялары ауыл тұрғындарымен кездесті

24/03/2017

Бейнеу аудандық сотының судьялары  Сарға селосының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы И.Досетов және судьялар, медиаторлар, құқық қорғау органдарының өкілдері,  ауыл тұрғындары қатысты.

Әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығы мәселелері талқыланды

24/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ақтау гарнизонының әскери полиция жасағының  басшылығы және әскери қызметшілерінің қатысуымен  «Әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.