Архив событий

28/03/2017

Сот қызметкерлері кешенді аттестаттаудан өтті

28/03/2017

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлерін кешенді аттестаттаудан өткізу аяқталды. Бағалау, тестілеу кезеңдерінен  өткен барлық 118 сот қызметкері  үшінші кезеңнен де  (әңгімелесу)  сүрінбеді.

Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі талқыланды

28/03/2017

Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық әкімдігінің ғимаратында «Дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелері» атты семинар өтті.    Аталған шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы, Маңғыстау облыстық соты мен Түпқараған аудандық әкімдігінің аппараты ұйымдастырды.

Алимент төлемегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

28/03/2017

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарымен сотталушы Н-ға келесі айып тағылған, яғни ол 2006 жылы шығарылған сот бұйрығының негізінде кәмелетке толмаған төрт баласын күтіп-бағу үшін табысының және (немесе) өзге де кірісінің ½ бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент төлеуге міндетті бола тұра, 2013 жылдың маусым айынан бері алимент төлеу міндетін үш айдан астам орындамаған, алимент бойынша қарызды өтеуге шаралар қолданбаған, сот орындаушысының алимент төлеу туралы ескертулеріне құлақ аспаған.