Архив событий

15/03/2017

Әкімшілік сотта "100 нақты қадам" Ұлт Жоспары талқыланды

15/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  сот отырысының басталу және аяқталу уақытын сақтау, аудио-бейне жазба құрылғысын қолдану міндеттілігі, тараптарды тиісті түрде сот отырысына шақыру мәселелері талқыланды.

Шараға кеңсе меңгеруші Н.Самендирова мен сот қызметкерлері қатысты.

Аттестаттаудан өтуге жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесуді өткізу күні

15/03/2017

Аттестаттаудан өтуге жататын

«Б» корпусының мемлекеттік

 әкімшілік қызметшілерімен

әңгімелесуді өткізу нұсқаулығына

1-қосымша

 

 

Бекітілді

Аттестаттау комиссиясының төрағасы

 ______________

2017  «3»  наурыз

 

 Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі

(мемлекеттік органның атауы)

 

Көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылған

15/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608- бабының 1-бөлімімен   Б-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол қозғалысы Ережелерінің 2.4.2 тармағында қаралған тәртіпті бұзған.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

15/03/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер МКК-ның жауапкер жеке кәсіпкер А.-дан коммуналдық төлемдер үшін қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер МКК талап арызында жауапкер А.-ның ұзақ мерзім бойы коммуналдық қызметтері үшін ақшаны төлемей, нәтижесінде 670 979 теңге қарыз болғанын көрсетіп,  талап арызды қанағаттандыруды сұраған.

Ішкі істер органдарының заңды талабын орындамаған

15/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  613-бабының 1- бөлігімен (Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау ) әкімшілік   іс қаралды.

Әкімшілік айыппұл салынған

15/03/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы)  О-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.