Ел аумағынан шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің көші-қон қызмет басқармасы халықтың көші-қон сұрақтары бойынша уәкілетті органның Өзбекстан Республикасының азаматы Д-ны Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығарып жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта Өзбекстан Республикасының азаматы Д. Қазақстан Республикасы аумағына келіп, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Сот шешімімен Көші-қон полиция басқармасының арызы толық қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі