Болашақ заңгерлер әкімшілік соттың жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық сауаттылық  айлығы аясында Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары және  студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында облыстық соттың судьясы Б.Шоканова болашақ заңгерлерге Қазақстан Респуликасының сот жүйесі, оның ішінде мамандандырылған әкімшілік сотының ерекшелігі туралы айтып, әкімшілік істердің көбісі қоғамдық тәртіпті бұзумен, ортақ пайдалану орындарын ластаумен байланысты екенін түсіндірді. Сондай-ақ, ол  қолданыстағы процессуалдық кодекстерге енгізілген өзгертулерге, жаңа қабылданған Судьялық әдеп кодексінің нормаларына тоқталды.

Студенттер соттың ғимаратын аралап, кеңсе қызметкерлерінің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, оларға кодификация кабинеттері, мәжіліс залдары мен мұрағат көрсетілді.

Болашақ заңгерлерге танымдық ақпараттан бөлек, бір сәтке  сот мәжілісіне қатысу мүмкіндігі де берілді.

Шара  соңында сот төрағасы Ө.Садықов пен судьялар болашақ заң ғылымы мамандарына ақ тілектерін білдірді. Ал,  ұстаздар мен студенттер  тарапынан  мұндай іс-шараларды өткізудің  өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды екендігі айтылды.

 

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі