Бітімгершілік рәсімімен жұбайлар отбасын сақтап қалуға келісті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиациялық келісімді бекітумен тоқтатылды.

Сотта анықталғандай, азаматша А. неке бұзу туралы  арызымен сотқа жүгінген, ол жауапкермен 2005 жылы некеге тұрғанын, қазіргі уақытта олар екі кәмелет жасына толмаған бала тәрбиелеп отырғанын, бірақ мінездерінің келіспеуіне байланысты ерлі-зайыптылық өмір қалыптаспағанын көрсеткен.   Соттан, бірлескен шаруашылық жүргізілмегендіктен, мүлікті ортақ бөлісу және бала тәрбиесіне байланысты ешқандай дау болмауына байланысты  некелерін бұзуды талап еткен.

Істі алдын-ала тыңдау барысында тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша өтініш түсті, келісімге қол жеткізген тараптар  оның шарттарымен танысып, некелерін сақтап қалуды шешкен.

Аталған іс  даудың медиация келісімді бекіту тәртібімен реттелуіне байланысты өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарақия аудандық баспасөз қызметі