Аудандық сотта медиация мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түпқараған аудандық сотында «Медиация Заңын қолдануды жетілдіру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға судьялар және сот қызметкерлері, кәсіби емес медиаторлар, құқық қорғау органдары, прокуратура өкілдері қатысты.

 Дөңгелек үстел отырысында сөз алған аудандық соттың төраға м.а.  Ғ.Орахов еліміздегі «Медиация туралы» Заңның ерекшеліктеріне тоқталып, негізі мақсат тараптар арасындағы дауды бітімгершілік деңгейінде медиация тәртібінде шешу екенін түсіндірді. Аталған заң дауларды шешудің баламалы тәсілі ретінде дауласушы жақтардың ұзақ рәсімдерінен бас тартуына және медиатордың көмегімен дауды бейбіт шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол кәсіби емес медиаторларды осы бағыттағы жұмысты жандандырып,  белсенді қатысуға  шақырды.       

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша  кәсіби емес медиаторлар  өз пікірлерін айтып, алдағы уақытта сөзден нақты іске көшетіндерін жеткізді.

Қайнар: 
Түпқараған аудандық сотының Баспасөз қызметі