Атқару өндірісінен туындайтын даулар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында судьялардың, мемлкеттік және жеке сот орындаушылардың, қалапрокурорларының қатысуымен «Атқару өндірісінен туындайтын даулардың сот практикасы»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Онда атқару өндірісінен туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істердің соттылығы, борышкердің мүлкіне тыйым салып, мүлкін алып қою, борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуын шектеу, сот орындаушылардың қаулыларын санкциялау, борышкерлерге қатысты іздеу жариялау, борышкерлердің жүргізуші куәлігі мен лицензияларын тоқтату, алименттік төлемдер бойынша қарызды анықтау, борышкердің мүлкіне өндіру жүргізу және жария сауданың жүргізілу ерекшеліктері туралы сұрақтар талқыланды.

Жиын барысында судья М.Мұқашев атқару өндірісінен туындайтын даулар бойынша сот практикасын баяндап, атқарушылық іс-әрекеттерін жүргізу барысында тараптардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Сот орындаушылары тарапынан заң бұзушылықтар орын алатынын, ол бойынша соттармен жеке ұйғарымдар шығарылып отырғанын да тілге тиек етті.

Қатысушылар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Атқарушылық іс жүргізу кезінде тараптардың құқықтарын сақтауға бағытталған қосымша ұйымдастыру шаралары қабылданды.    

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі