Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың пәтер дауы сот арқылы шешімін тапты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы  К. сотқа берген талап арызында төрт жасында ата-анасы оны облыстық балалар үйіне бергенін, 2008 жылдың 22 тамызынан бері жетім бала ретінде тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, алайда Ақтау қаласы әкімдігінің 09 қаңтар 2017 жылғы хаттамасы негізінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімінен шығарылғандықтан, оның әрекетін заңсыз деп танып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін қайтадан қалпына келтіруді сұраған.

Сот отырысында анықталғандай, талап қоюшы  К. ата-анасының бас тартуына байланысты туғаннан бастап балалар үйінде тәрбиеленген. 2013 жылы анасының өтінішімен К. отбасына қайтарылған. Алайда, бір жылға жетпейтін уақытта ата-анасының бас тартуына байланысты кәмелетке толмаған К. облыстық балалар үйіне қайта орналастырылған.

Бірақ, тұрғын үй жөніндегі комиссия бұл жағдайды ескермей, К-ны коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінен шығарып тастаған.

Ақтау қаласының №2 сотының шешімімен  К.-ның талап арызы қанағаттандырылып, ол тұрғын үйге мұқтаж  азаматтардың тізіміне қайта қойылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі