Ақтауда сот банк клиентінің пайдасына банктен қарызға қызмет көрсету үшін төлеген комиссия төлемін өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында Х.-ның банкке заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Х. мен банк арасында 2015 жылы банк заемы туралы келісім шарт жасақталып, банк Х-ға тұтынушылық мақсатта 1 000 000 теңге несие берген.

Келісім шарттың 8 тармағының «с» тармақшасының талаптарына сәйкес, талапкер ай сайын қарызға қызмет көрсету үшін 5 000 теңге, жалпы 120 000 теңге мөлшерінде комиссия төлеген.

Құқықтық нормалардың талаптарына сәйкес, талапкердің талабы заңды және негізді, ал банк талапкерге ай сайын қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеуді міндеттеп, талапкердің тұтынушы ретінде құқығын бұзған. Сондықтан, сот шешімімен Х.-ның талап арызы қанағаттандырылып, банкке төленген комиссия талапкердің пайдасына өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі