Жер учаскесі заңсыз иеленуден қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы Ақтау қаласы әкімдігінің жауапкер жеке кәсіпкер Ж-дан  жер учаскесін заңсыз иеленуінен қайтару, жер учаскесінен қоршаған қоршауларды алу, жер учаскесін бастапқы күйіне әкелу туралы  азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ақтау қаласы әкімдігінің  02.08.2010 жылғы  қаулысы негізінде Ж-ға 15 шағын ауданынан қонақ үй салу үшін ауданы 0,0396 га жер учаскесі (жалға беру шартына сәйкес үш жылға жалға)  берілген.

Шарт талаптарына сәйкес жауапкер шарттың мерзімі аяқталғанға дейінгі үш ай бұрын  жергілікті атқарушы органға жаңа мерзімге шартқа отыру туралы жазбаша хабарлама беру көзделген.  

Алайда, жауапкер жаңа мерзімге шартқа отыру туралы арызын тек  26.09.2016 жылы жолдаған. Осылайша жауапкер тарапынан жоғарыда көрсетілген заң талаптары мен шарт талаптары бұзылған.

Сонымен бірге, шарт талаптарына сәйкес жауапкерге қонақ үй құрылысын 02.08.2012 жылы аяқтау міндеттелген. Бірақ, жауапкермен шарт талаптары бұзылып, қонақ үй құрылысын салу бойынша шаралар қабылданбаған.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар жер комиссиясы тарапынан жауапкерге жаңа мерзімге шартқа отырудан бас тартуға себеп болған.

 

Сот талап қоюшының талабын толықтай қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енді

Источник: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі