Архив событий

03/08/2017

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

03/08/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) әкімшілік іс қаралды.

Отбасының тыныштығын бұзғаны үшін ескерту түрінде жаза тағайындалды

03/08/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Г. өз үйінде  зайыбы, жәбірленуші С.-ға сыйламаушылық көрсетіп, отбасы мүшелерінің көзінше былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, тыныштығын бұзған.

Ата-енесінен дүние-мүлікті қайтарып алды

03/08/2017

Азаматша А. Мұнайлы аудандық сотына  келтірген арызында күйеумен ажырасуына байланысты ата-енесінен дүние-мүлікті қайтаруды міндеттеуді сұраған.

Сот отырысында тараптар іс бойынша медиатордың жәрдемдесуімен медиция тәртібімен дауды (жанжалды) реттеу туралы келісімге келді.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар таныстырылды

03/08/2017

Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында 14 шілде 2017 жылы күшіне енген «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңына енгізілген  өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.