Архив событий

10/08/2017

40 млн теңгені даулаған кәсіпкерлер партисипативтік келісімге келді

10/08/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Т» ЖШС-нің  жауапкер «О»  ЖШС-нен қарыз және өсімпұл өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды, оған сәйкес  жауапкердің талап қоюшы алдындағы 40 000 000 теңге қарызды ішінара төлеуіне байланысты тараптар келісімге келіп, соған сәйкес талапкер 2 538 616, 82 теңге өсімпұл өндіру туралы талабынан бас тартады, ал жауапкер қалған 10 772 336,40  теңге қарызын төлеуге міндеттенеді.

Аң аулайтын қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

10/08/2017

Қарақия аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен айыпталған құқық бұзушы Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қарақия ауданына қарасты Шопан ата жол бойында Маңғыстау облыстық ІІД-нің табиғатты қорғау қызметкерлерінің бірлескен рейдтік шарасы кезінде құқық бұзушы Т.-ның автокөлігінен тіркелмеген 12 калибрлі Байкал маркалы мылтығы және 8 дана оқ дәрісі табылған.