Архив событий

17/08/2017

Бас бостандығынан шектелген сотталушы қайта қылмыс жасаған

17/08/2017

Жаңаөзен қалалық сотында К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы К. бас бостандығын шектеу жазасын өтеу мерзімі ішінде меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Нақты айтқанда, қасақана, пайдақорлық ниетпен, тонау мақсатында Жаңаөзен қаласында көшеде кетіп бара жатқан жәбірленуші Д-ның қолындағы сумкасын ашық жымқырып, қылмыс болған жерден қашып кеткен. Аталған сумканың ішінде жәбірленушінің 25 000 теңгесі, бағалы телефондары мен әшекей бұйымдары және аксессуарлары болған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын құны 218 000 теңгені құраған.

Сот шешімімен банктік қарыз өндірілді

17/08/2017

Бейнеу аудандық сотында талап қоюшы «Борышкерлермен жұмыс бюросы» ЖШС-нің жауапкер Б.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан анықталғандай, «Альянс Банк» АҚ-мен Б. арасында несие беру туралы шарт жасалған, шарт талабы бойынша банк жауапкерге 415 000 теңге несие берген.

Жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін көрсетілген мерзімде орындамай, төлемнің мерзімін өткізіп алған және қазіргі кезге дейін шартта келісілген төлемді түсірмеген.

Іс медиациялық келісім жасаумен аяқталды

17/08/2017

Маңғыстау аудандық сотына талап қоюшы С. жауапкер Б-дан 72 000 теңге қарыз және сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Істі сотта қарау кезінде, тараптар медиативтік келісімге келді. Келісім бойынша талапкер талап мөлшерін 10 000 теңгеге дейін азайтты, ал, жауапкер Б. ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 10 000 теңгені қайтаруға келісті.

Сот ұйғарымымен аталған медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылып, талап қоюшы төлеген  мемлекеттік бажды өзіне кері қайтарды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Сот келінінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан азаматқа қатысты істі өндірістен қысқартты

17/08/2017

Қарақия аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне (яғни, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттержасаған) сай С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін қамаққа алынды

17/08/2017

Бейнеу аудандық сотында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сот анықтағандай, азамат А. қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартыла тұра, адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын күйде, қайталап қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті ішкен.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылды

17/08/2017

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша  Қ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Қ. өзінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра,  алкогольден масаң күйде «Уаз» маркалы автокөлігін басқарған.

Сот Қ-ны кінәлі деп танып, оған 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасын қолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.