Архив событий

11/08/2017

Бейнеуде қарыз өндіру туралы сот бұйрығы электронды түрде шығарылды

11/08/2017

Бейнеу аудандық сотына «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-нан борышкер А-дан 331 521 теңге сомасындағы қарызды өндіру туралы арызы   электронды бұйрық өндірісі  нысанында түсті.

Бейнеу аудандық соты  А-дан «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның пайдасына 331 521 теңге және мемлекеттік баж төлеуге жұмсалған 4 979 теңгені  өндіру туралы сот бұйрығын электронды түрде шығарды.

2017 жылдың 17 шілдесінен бастап республиканың барлық соттарында сот бұйрықтарын шығару туралы арыздарды электронды түрде қарау  жобасы іске қосылған болатын.

Банктік даулардың сотта қаралу практикасы талқыланды

11/08/2017

Ақтау қаласының  №2 сотында судьялардың, банк өкілдерінің және адвокаттардың қатысуымен «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөнінде сот практикасы»  атты тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шарада  банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істердің соттылығы, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау, қарыз сомаларын өндіру, шетел валютасымен берілген қарыз сомаларын, сыйақы сомасын өндіру және кепілдегі мүлікке өндіру жүргізу мәселелері талқыланды.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған

11/08/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында шетел азаматы  Ю-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Ю. Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, жұмысқа орналасуға арнайы рұқсат алмай, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот қаулысымен Ю. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы  заңды күшіне енген жоқ.