Архив событий

22/08/2017

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

22/08/2017

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралықсотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Судьялар мен сот қызметкерлеріне Маңғыстау облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Бекжігіт Тұрлыбек баяндама оқыды.

Ақылы ойын ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды

22/08/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабының 1-бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асыру)азамат  Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша азамат Е. Жаңаөзен қаласында орналасқан букмекерлік кеңседе мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеусіз, ақылы ойын ұйымдастырып, букмекерлік кеңсе ашып, кәсіпкерлікпен айналысқан.

Ақтауға әкеліп балық сатпақ болған

22/08/2017

Түпқараған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 339-бабымен (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу) азамат Н.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.