Архив событий

16/08/2017

Кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарын сатуға тыйым салынса да, сатылуда

16/08/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен кәмелет жасқа толмаған С.-ға бір қорап темекі сатқаны үшін құқықбұзушыға 10 айлық есептік көрсеткіш түрінде, яғни 22690 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Жаза 133-бабы 1-бөлігі санкциясы шегінде тағайындалды.

Аталған айыппұл жазасы тағайындалған сатушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің талаптарын тағы да бұза ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

Анасын сыйламағаны үшін қамаққа алынды

16/08/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен  Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Құқықбұзушы Т. үйіне алкогольден масаң күйде келіп, айқай шу шығарып, өзінің анасы С.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, отбасының тыныштығын бұзған. Оның бұл әрекеттерін құқыққорғау органдарының қызметкерлері ғана тоқтата алған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сот шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

16/08/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ТССС»  ЖШС-ның  жеке кәсіпкер Х. арасында жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық  іс  қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, талаптар арасында арнайы техниканы жалға беру туралы келісім шарты жасақталған, аталған шарт бойынша жауапкер экскаватор техникасын жалға беруге, ал талап қоюшы жалға алу ақысын төлеуге міндеттенеді.

Сотпен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді

16/08/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы жеке кәсіпкер А-ның жауапкер жеке кәсіпкер К.-дан 544 000 теңге қарыз ақшаны және 125 582 теңге тұрақсыздық айыппұлды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Тараптар азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, келісім бойынша жауапкер 544 000 теңге негізгі берешегін және 75 000 теңге тұрақсыздық айыппұлды 20.11.2017 жылға дейін талап қоюшыға өтеуге міндеттеме алды.

Жеке кәсіпкер банкрот деп танылды

16/08/2017

Арызданушы ЖК Адильбаев Кенжебек Акбергенович Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өзін банкрот деп тану туралы арызбен жүгінді.

Борышкер өз арызында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге дәрменсіз болған соң, оны банкрот деп тануды сұраған.

Азаматтық істі сотта қарау барысында салық тексеруі бойынша арызданушының бюджетке төленетін төлемдер бойынша  қарыз берешегі 13 838 989 теңге екені анықталған.

Жалақы қарызын өндіру туралы сот бұйрығы шықты

16/08/2017

Ақтау қаласының №2 сотында өндіріп алушы М.-ның борышкер «МунайСпецЭлектроМонтаж» ЖШС-нен еңбек табысы бойынша берешекті өндіру туралы арызы сот бұйрығы арқылы іс жүргізу өндірісімен қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, «МунайСпецЭлектроМонтаж» ЖШС-нің өндіріп алушы М.-ның алдында оның  еңбек ақысы бойынша 243 000 теңге мөлшерінде қарызы бар. Бұл қарыз жұмыс берушінің куәландырылып берілген анықтамасымен расталды.

Өндіріп алушының арызы мен ұсынылған құжаттар негізінде айлық жалақы қарызын өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енді.

800 млн теңгеден аса қарыз ақшаны өндіру туралы дау бойынша сотпен медиациялық келісім бекітілді

16/08/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «А» АҚ жауапкер «В» ЖШС-нен 1 189 842 теңге көлемінде өсімпұл және 238 810 158  теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы, қарсы талап қою арызы бойынша талап қоюшы «В» ЖШС жауапкер «А» АҚ-нан 18 413 652 теңге көлемінде өсімпұл өндіру және 568 763 711   теңге көлемінде айыппұл өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қою арызының жалпы сомасы 827 177 363 теңгені құрайды.

Келісім шарт міндеттемелерін тиісті түрде орындалмағаны талап қою арыздарымен сотқа жүгінудің себебі болды.

Құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы ескертілді

16/08/2017

Қарақия аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өтті.

Семинар сабағына Маңғыстау облысының ішкі қауіпсіздікті және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы Б.Тұрлыбек, Қарақия аудандық сотының төрағасы Б.Шайдуллин, судьялар Д.Албытов, Н.Даргулова, кеңсе меңгерушісі Л.Кенжеева мен сот қызметкерлері қатысты.

Сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта тіркеу жұмысы басталды

16/08/2017

Ақтау қаласының №2 сотында «Сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды тіркеу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына Ақтау қаласының №2  сотының төрағасы Қанзипа Рысқалиева, соттың судьялары және кеңсе мамандары қатысты.