Архив событий

24/08/2017

Мас күйде көшеде жүргені үшін қамаққа алынды

24/08/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.           

Сот отырысында анықталғандай, азамат Х. бұған дейін екі рет қоғамдық орында ішкілікті күйде жүргені үшін  әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, ескерту мерзімі аяқталмай, тағы да қоғамдық орында мас күйде жүрген.

Сот отырысында Х. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.  

Көлікті жалға алып, ақысын төлемеген

24/08/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы жеке кәсіпкер «В»-ның жауапкер «S» ЖШС-нан 2 807 200 теңге қарыз ақшаны және1 950 512 теңге айыппұлды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғаны, тараптар арасында 2016 жылы 18 қазанда көлікті жалға беру келісім шарты жасалған, алайда келісім шарт бойынша жауапкер өз міндеттерін тиісінше орындамай, жалға алу ақысын төлемеген.

Талапкер сотқа жүгінгеннен кейін сот орысында тараптар бір келісімге келіп, өз араларындағы дауды медиация тәртібімен шешті.

Тараптар дауы партисипативтік рәсіммен шешілді

24/08/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Актау Консалтинг Компани» ЖШС-нің «Маңғыстау жылу, су» МКМ-нен 4 000 000 теңгеқарыз ақшаны және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Тараптар азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, келісім бойынша жауапкер талап қоюшыға 50 күн  ішінде берешек  қарызды  бөліп өтеуге, оның ішінде: 2 000 000 теңге қарызды 31 тамызға дейін, 2 000 000 теңге қарызды 30 қыркүйеккедейін төлеуге міндеттеме алды.

Ел аумағынан мәжбүрлеп шығарылды

24/08/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Әзірбайжан Республикасының азаматшасы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзып,  тіркеу кезінде  көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен  асатын кезең ішінде елден кетуден жалтарған.

Үш бөтелке арақ сатқан

24/08/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азық-түлік дүкенінінің сатушысы Б. сағат 23:30 шамасында азамат А-ға үшбөтелке арақ сатқан. Сот отырысында ол өзінің кінәсін мойындап, келешекте қайталамайтынын айтты.        

Сотпен тараптардың бітімгершілік келісімі бекітілді

24/08/2017

Түпқараған аудандық сотында талапкер И.-дің жауапкер Б.-дан жанұя болып бірге тұрған кезде иеленген ортақ мүліктің құны 513 000 теңгені өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында дауласушы тараптар түсіністікке келіп, жауапкер талапкерге 350000 теңгені қолма-қол беру туралы бітімгершілік келісіміне келіп, соттан келісімді бекітуді сұрады.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиативтік келісім бекітіліп, іс өндірісі тоқтатылды, тараптарға осы негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.