Жеңіл дәрежеде мас күйінде қайталап көлік жүргізген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабы 1бөлігімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы С.  26.01.2016 жылғы сот қаулысымен   көлік құралының барлық түрлерін басқару құқығынан 3 жылға айырылған. Алайда, С. осы әрекетінен нәтиже шығармаған. Себебі, ол  арада бір жыл өткен соң, жеңіл дәрежеде мас күйінде Жаңаөзен қаласында автокөлігін тағы да жүргізіп, қалалық жол полициясы қызметкерлеріне ұсталған.

Сот үкімімен С. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, тағы да 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла отырып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725 теңге  айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі