Жеңіл дәрежеде дене жарақатын салған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында Ғ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  Ғ. Жаңаөзен қаласы, Өркен шағын ауданы,  №43-45 үйі жанындағы тас жолда жаяу жүргіншілер өтпесі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргінші Н-ды қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде жәбірленушінің  денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым келген.

Сот қаулысымен  Ғ.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының  2-бөлігімен (жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  34 035 теңге айыппұл жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі