Жауапкер талап қоюды мойындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы талапкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның  жауапкер Б-дан   1 753 399 теңге, 86 тиын оның ішінде, негізгі қарыз  1 492 360 теңге, 01 тиын, мерзімі өткізілген сыйақы 122 676 теңге, 91 тиын, мерзімі өткізілген сыйақыға көтеріңкі сыйақының тұрақсыздық айыпақысы 6973 теңге, 31 тиын,  мемлекеттік баж салығын төлеуге жұмсалған 52 602 теңге өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Сотта жауапкер талап қоюды толық мойындады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің  171-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады.

Сондықтан сот талап арызды қанағаттандырып, жауапкер Б-дан талапкердің пайдасына 1 806 001 теңге, 86 тиынды  өндіру туралы шешім қабылдаған.

Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі