Жаңаөзен қаласында есірткі сатпақ болған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында  Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралған. 

Сотта анықталғандай,  Б. «Алматы-2» вокзалынан аса ірі мөлшердегі есірткі затын Жаңаөзен қаласында өткізу мақсатында «Алматы-Маңғышлақ» поезымен заңсыз тасымалдап алып шығып, Шетпе вокзалынан түсіп О-ның  басқаруындағы көлігіне отырып, Жаңаөзен қаласы бағытына шыққан кезде Шетпе селосындағы Ащыбұлақ ауылында орналасқан орталық аурухана тұсындағы жол бойында Маңғыстау облыстық ІІД-нің есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ұсталған. Автокөлікке тінту жүргізу барысында  Б-ның сумкасының ішінен 10 дана пакеттегі, жалпы салмағы 49,661 гр. героин есірткі заты алынған.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Б. ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3) тармағымен (аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау) кінәлі деп танылып, оған жеке мүлкін тәркілеумен 11  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

 Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Б-ның апелляциялық шағымы қаралып, сот үкімі өзгеріссіз,  шағым қанағаттандырусыз қалдырылған.

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі