Жалған қолтаңба қойылып алынған несие

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында  талап қоюшы «БанкЦентрКредит» АҚ-ның жауапкер А-дан банктік заем туралы шарт бойынша несиені өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот барысында ҚР АПК-нің 82-бабына сай сот-қолтаңбалық сараптамасы тағайындалған.  Сараптама қорытындысы негізінде жауапкердің атынан орындалған қолтаңбалар А-ның өзімен емес, басқа тұлғамен орындалғаны анықталды.

Сот сараптама қорытындысы негізінде талапкердің жауапкерден банктік заем туралы шарт бойынша берешекті өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар, сот барысында анықталған қылмыс белгілері бар мән-жайды анықтау үшін жеке ұйғарым қабылданып, Маңғыстау облысы бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  Бюросына жолданды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ

 

Источник: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі