Зейнеткер ана алғыс білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының сайтындағы «Төраға блогына» Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Алановтың атына алғыс келіп түсті.

«Құрметті Жаксылык Рзабекович! Сізге және Сіздің басқарып отырған Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы ұжымына шексіз алғыс білдіреміз. Себебі, зейнеткер Ж.Баймухамедова жалғыз басты ананың жан айқайы балаларының арасында туындаған дауды заң талаптарына сай объективті түрде қарап, мән-жайлар заңға сай зерделеніп, оларға заң тұрғысында тиісті баға беріліп, іс бойынша заңды және негізді шешім шығарылды. Сондықтан, Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы осы дауға қатысты іс материалдарын қарап, дұрыс бағыт бағдар берген Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы ұжымына жүрек жарды ризашылығын білдіреміз. Зейнеткер Ж.Баймухамедова сияқты әділеттілікті іздеген жалғыз басты ананың құқығын қорғауда заң шеңберінде қалтқысыз қызмет атқарып, дұрыс бағыт берген облыстық сот ұжымына кәсіби біліктілігі өркендесін дей келе, жалпы сот саласының әрдайым халықтың ризашылығына бөленуіне тілектестігін білдіреміз»,- делінген  алғыста.

 Сізге деген үлкен ықыласпен Ж.Баймухамедова және сенімхат бойынша өкілі М.Бисенова

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі