Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Р-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Р. әрекетінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса да,  Мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде  тіркелмей,  теңіз жағалауында балаларға арналған «Батут» секіру құрылғысын жалға беріп, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан.

Сот қаулысымен  Р.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 34035  теңге айыппұл салынды.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі