Заңдық маңызы бар факті анықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында азамат К.-ның еңбек кітапшасы өзіне тиесілі екендігі жөнінде заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызы қаралды.

Сотта анықталғандай, 1976 жылы арыз берушінің атына толтырылған еңбек кітапшасында арыз берушінің тегі қате жазылуына байланысты, еңбек кітапшада көрсетілген әкесінің аты жеке куәлікте көрсетілген әкесінің атына сәйкес келмеген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 306-бабының талабына сәйкес сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды делінген.

Сот аталған бапты басшылыққа алып, арыз берушінің арызын толық қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі