Заңды тұлғаға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы 1) тармағы бойынша (Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) «Компания Керемет Групп» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, ЖШС-нің мүліктік кешенін электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізген кезде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68-бабы 12) тармағын бұза, құрылыс-монтаждық жұмыстардың басталуы туралы архитектуралық-құрылыс мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органды хабарлау бойынша шаралар қабылданбаған.

Сот «Компания Керемет Групп» ЖШС-н Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы 1) тармағымен кінәлі деп танып, оған   25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  яғни 56 725 теңге сомасына айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі