Тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотымен талапкер К. жауапкер Ақтау қаласы әкімдігіне келтірген Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беруден бас тарту және тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімінен шығару туралы хаттамалық шешімдерін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

 Сот отырысында анықталғанындай, талапкердің отбасында 6 адам бар екені, олар екі бөлмелі пәтерде тұратындығы, жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда екендігі, тұрғынжайын жақсартуға мұқтаждығы анықталды. Сонымен қатар, талапкер  тұрғын жайын жақсартуға мұқтаждардың тізіміне 24.08.2001 жылы бюджеттік мекеменің қызметшісі ретінде тіркелген. Ақтау қаласы әкімдігінің хаттамалық шешімімен талапкердің  екі бөлмелі пәтері болуына байланысты, 28.09.2016 жылы талапкерге мемлекеттік қордан тұрғын-үй беруден бас тартылып, ол 01.11.2016 жылы талапкер тұрғынжайға мұқтаж азаматтардың тізімдемесінен шығарылған.

Дегенмен, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі делінген.

Сондықтан, сот талапкердің талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарып,  жауапкерді  бір ай ішінде талапкер К-ның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді міндеттеген.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі