«Төрелік» ақпарттық жүйесі бойынша іс жүргізу талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Төрелік ақпараттық жүйесі бойынша іс жүргізу» тақырыбында семинар  өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Н.Самендирова және сот қызметкерлері қатысты.

Семинарда сөз алған Н.Самендирова   «Төрелік» ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібі жөнінде,  ішкі құжат және кіріс-шығыс құжаттарын жасау, әкімшілік істерді тіркеу, оларды электрондық карточкаларға толтыру  барысын кеңінен түсіндіріп өтті.   «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мақсаты – процеске қатысушылардың іске қатысты қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Аталған жүйе ақпараттық мәліметтерді жедел алмасуды қамтамасыз етіп,  автоматтандырылған есепке алу, процессуалдық мерзімдердің сақталуын бақылау, статистикалық және талдау есептерін құру, іс жүргізу мен сот ісін жүргізуді жеңілдетуді іске асырады.

Іс-шара соңында қатысушылар «Төрелік» ақпараттық  жүйесі жұмысын талқылап, өзара пікір алмасты.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі